Алматы қ., Түрксіб ауданы, Тілеуберді Сауранбаев көшесі, 2 бірінші қабат

Тіліңізді таңдаңыз

 

Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы


VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 190 шешiмi


ИЗПИ-дің ескертпесі!
01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармғына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метр үшін 40 теңге сомасында бекітілсін.

2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Алматы қаласы мәслихатының төрағасы    М. Отыншиев

Яндекс.Метрика